Атырау, 18 маусым 13:34
 дождьВ Атырау +28.6
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Анкарадағы жарылыстан қаза болғандардың саны 34-ке жетті Әлемде

Анкарадағы жарылыстан қаза болғандардың саны 34-ке жетті

Анкараның орталығында жарылыс болып, оның салдарынан 34 адам қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюеззиноғлыға сілтеме жасап. Бастапқыда 27 адамның қаза тапқаны және 75 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Сурет Бейнежазба 14 наурыз 2016, 10:11 3 233 рет қаралды
Женевада Сирия бейбіт келіссөзі басталады Әлемде

Женевада Сирия бейбіт келіссөзі басталады

Женевада бүгін Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздің жаңа кезеңі басталады. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура келіссөздің жаңа кезеңін "мазмұнды бейбіт келіссөз" деп атады. 14 наурыз 2016, 10:06 2 292 рет қаралды
Франция соты Әблязовты кепілге босатпады Әлемде

Франция соты Әблязовты кепілге босатпады

Франция соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты кепілге босату жайлы оның адвокаттарының өтінішін орындамады. Ақпарат агенттіктері дерегінше, Францияда 2013 жылдың шілдесінен бері қамауда отырған Мұхтар Әблязов өзін экстрадициялау жайлы ақтық шешім шыққанша сонда қала береді. 11 наурыз 2016, 16:50 1 414 рет қаралды
АҚШ: Лесин басынан алған жарақаттан көз жұмған Әлемде

АҚШ: Лесин басынан алған жарақаттан көз жұмған

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, сараптама қорытындысы Ресейдің бұрынғы баспа ісі, телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі, өткен жылы Вашингтондағы қонақүйде өлі күйінде табылған Михаил Лесиннің "басынан алған жарақатынан" көз жұмғанын көрсетті. 11 наурыз 2016, 11:00 2 018 рет қаралды
Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды Әлемде

Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасы құрамында жүріп әлемнің үш дүркін чемпионы атанған әйгілі футболшы Пеле екі мыңға жуық жеке затын аукционға қойды. Бұл туралы Reutersке сілтеме жасап "Р-Спорт" хабарлады. 11 наурыз 2016, 10:50 1 853 рет қаралды
Обама: Ресей Украинада қалай да үстемдікке ие болады Әлемде

Обама: Ресей Украинада қалай да үстемдікке ие болады

AҚШ президенті Барак Обаманың сөзінше, АҚШ қандай әрекет жасаса да Украина "Ресейдің әскери үстемдігіне қарсы тұруда әлсіз болып қала береді". Atlantic журналына берген сұхбатында Обама Украина АҚШ мүддесі түйісетін орталық емес екенін және Мәскеу Украинада қашан да өзінің үстемдігін орнатуға қабілетті болады деген пікірін айтты. 11 наурыз 2016, 10:39 2 068 рет қаралды
ИМ-нің химиялық қару жөніндегі сарапшысы ұсталды Әлемде

ИМ-нің химиялық қару жөніндегі сарапшысы ұсталды

AҚШ пен Ирак шенеуніктері арнайы әскер жасақтары өткен айда Ирактың солтүстігіндегі рейд кезінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының химиялық қару жөніндегі сарапшысын қолға түсіргенін хабарлады. 10 наурыз 2016, 10:03 2 256 рет қаралды
Францияның ПСЖ командасы «Челсиді» жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты Әлемде

Францияның ПСЖ командасы «Челсиді» жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық "Челси" Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында өз алаңында француздық ПСЖ-дан жеңілді, деп хабарлады Vesti.kz. 10 наурыз 2016, 09:58 2 528 рет қаралды
Түркия билігі жекеменшік агенттікті бақылауға алды Әлемде

Түркия билігі жекеменшік агенттікті бақылауға алды

Түркиялық "Жихан" жекеменшік ақпарат агенттігі үкімет АҚШ-та қуғында жүрген діни жетекші, президент Режеп Тайып Ердоғанға оппозиция Фетхулла Гүленнің жақтастарын қуғындау аясында агенттікке бақылау орнатқанын хабарлады. Агенттік сайтында Стамбул соты мемлекеттік прокуратураның сұрауы бойынша "Жиханға" жаңа басшы тағайындайтыны хабарланды. 9 наурыз 2016, 10:02 1 655 рет қаралды
ИМ содыры әл-Шишани әуе шабуылынан қаза табуы мүмкін Әлемде

ИМ содыры әл-Шишани әуе шабуылынан қаза табуы мүмкін

Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы командирлерінің бірі Омар әл-Шишани Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ әскери ұшағынан жасалған әуе шабуылынан қаза тапқан болуы мүмкін деп хабарлады Пентагон өкіліне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралы. 9 наурыз 2016, 09:56 1 569 рет қаралды
Түркияда 8 наурызға байланысты жиналған әйелдерді тәртіп сақшылары рәзеңке оқпен атты Әлемде

Түркияда 8 наурызға байланысты жиналған әйелдерді тәртіп сақшылары рәзеңке оқпен атты

Ыстамбұл полициясы алдағы Халықаралық әйелдер күніне байланысты шеруге шыққан әйелдерді рәзеңке оқпен атып, қуып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости. 7 наурыз 2016, 14:20 1 780 рет қаралды
Надежда Савченко аштық жариялады Әлемде

Надежда Савченко аштық жариялады

Ресейлік журналистерді өлтіруге қатысы бар деп айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченко аштық жариялады деп хабарлады оның адвокаты Николай Полозов. Ресейдің Донецк қаласында өтіп жатқан сотта 3 наурыз күні тараптардың жарыссөзінде судья Савченкоға сөз берместен, сот процесі 9 наурыз күні жалғасатынын хабарлаған. 4 наурыз 2016, 10:19 2 450 рет қаралды
Пхеньян ядролық арсеналын дайындыққа келтірді Әлемде

Пхеньян ядролық арсеналын дайындыққа келтірді

Cолтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің ядролық арсеналын әскери дайындыққа келтірді. Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын "Біз кез келген уақытта ядролық оқтұмсықтарымызды қолдануға дайын болуға тиіспіз. Америкалықтар басқа елдерде соғыс пен апатқа себеп болатын уақытта тәуелсіздігіміз бен өмір сүру құқығымызды қорғаудың жалғыз жолы - ядролық әлеуетімізді күшейту" деді. АҚШ Пхеньянды мұндай арандатудан бас тартуға шақырды. 4 наурыз 2016, 10:05 1 965 рет қаралды