Фото: kaztrk.kzБиылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Еуропа Одағы Кеңесінің төрағалығы алты ай сайын алмасу қағидасы бойынша Словакияға ауысты,- деп хабарлады Bnews.kz.
Еуроодақ қатарына тек 2004 жылы ғана қосылған Словакия аталған өкілдікті алғаш рет атқарғалы отыр,+
Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо бүгінгі таңда тиімсіз шешіліп жатқан көптеген мәселелер бойынша жалпыеуропалық саясатының векторын өзгертуге күшін салатынын мәлім етті.
Бұл, әсіресе, мигранттардың мәселесіне қатысты болмақ.
«Еуропаның болашағы туралы негізгі шешімдер одақтың бір-екі мүшесінің, немесе оны құрушы елдердің шешімдеріне негізделмеуі тиіс», - деп санайды Фицо.
Өткен жылы Словакия басшылығы Еуроодақ елдерінің әрқайсысына бөлінген квотаға сәйкес босқындарды бөлуге қатысудан бас тартқан болатын.
Бұған дейін Роберт Фицо Британияның ЕО-дан шығу мәселесі турасында пікір білдіріп, мүше елдердің басшыларын қыркүйекте Братиславада бас қосып, Ұлыбритания одақ құрамынан шыққаннан кейінгі жағдайды талқылауды ұсыныс еткен болатын.
Дереккөз: Bnews.kz