Футболдан АҚШ-та өткен Америка кубогында Чили құрамасы чемпион атанды. Олар финалда Аргентина футболшыларын жеңді,- деп хабарлады Baq.kz.
Финалда екі команда да есеп аша алмады. Тіпті, экстра-таймда да гол соғылған жоқ. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Аргентина құрамасы сапынан команда капитаны Лионель Месси мен Балья мүлт кетіп, Чили чемпион атанды.
Өткен жылы Оңтүстік Америка кубогында да екі команда финалда кездесіп, Чилидің бағы жанған болатын.
«Алтын доптың» иегері Лионель Месси осымен үшінші жыл қатарынан ұлттық құрамасымен финалда жеңіліп отыр.
Айта кетейік, Месси жартылай финалда АҚШ-қа соққан голының арқасында ұлттық құрамасының ең үздік сұрмергені атанған еді. Лионельдің еншісінде 55 доп бар.
Аргентина –Чили – 0:0
Пенальти:2:4
0:1 – Кастильо
1:1 – Маскерано
1:2 – Арангис
2:2 – Агуэро
2:3 – Босежур
2:4 – Сильва
Пенальти соға алмағандар: Месси, Балья – Видаль.
Дереккөз: Baq.kz