Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуға дауыс беруінен туындайтын "жарақат әсері" ұзақ уақыт сезілетінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.
Мәскеуде ресейлік дипломаттар алдында сөйлеген Путин "Референдум нәтижесі нарықты тітіретті, бірақ орташа мерзімде барлығы қалпына келеді" деді. Ол "референдум нәтижесінің жарақат әсері ұзақ мерзім сезілетінін" айтты.
Путин сонымен қатар Ресейдің Ұлыбританиядағы ЕО-дан шығу туралы референдум нәтижесіне ешқандай қатысы жоғын да айтты. "Brexit-тің Ұлыбритания азаматтарының таңдауы екенін, біздің бұл процеске араласпағанымызды және килікпейтінімізді айтқым келеді" деді Путин.
"Енді олардың демократия принциптерін қалай орындайтынын көрейік. Мәскеу Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөз қалай жүретінін және оның салдары Еуропа мен басқалар үшін салдары қалай болатынын жіті бақылайды" деді Путин.
Дереккөз: Аzattyq.org