Атырау, 11 қазан 17:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Стамбулдағы теракт құрбандары саны 42-ге жетті

2 074 просмотра

Фото: AFPСтамбул әуежайындағы теракті құрбандары саны 42 адамға жетті. Қаза тапқандар арасында 13 шетел азаматы бар. Терактіден 239 адам зардап шеккен. Олардың 128-і ауруханада, оның ішінде 40-ы жан сақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

28 маусым күні кешке Стамбулдың халықаралық Ататүрік әуежайында үш адам терминалға кіреберістегі бақылау-өткізу бекетінде қарудан оқ атып, оның екеуі әуежайға кіріп, өздерін жарып жіберген. Бір жанкешті ғимарат сыртында полицей атқан оқтан жараланып, жерге құлаған соң өзін-өзі жарған.

Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ Түркия билігі терактіні экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы жасаған болуы мүмкін дейді. 29 маусымда АҚШ Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) директоры Джон Бреннан да осындай пікір айтып, ИМ АҚШ территориясы мен оның шетелдердегі нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

30 маусым 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.