Атырау, 27 қараша 02:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркия премьер-министрі: Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу туралы әңгіме болған жоқ

2 148 просмотра

Фото: AFPТүркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым (суретте) Түркияның ресейлік Су-24 ұшағының шығынын өтемейтінін айтып отыр. Түркия болған оқиғаға байланысты тек кешірім сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу жайлы әңгіме болған жоқ, біз тек кешірім сұрадық", - деп келтірді Йылдырымның сөзін CNN Turk телеарнасы.

Айта кетейік, бұған дейін Йылдырым TRT телеарнасында Түркияның қажет болған жағдайда ақшаны өтейтінін айтқан болатын.

Еске салайық, РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан хат алғанын, онда ресейлік Су-24 пилотының қазасына кешірім сұрағаны айтылғанын мәлімдеген болатын. "Ресей Федерациясының президенті Путин Түркия президенті Ердоғаннан хат алды, онда түрік лидері ресейлік әскери ұшақтың пилотының қазасына байланысты жағдайды реттеуге мүдде танытып отырғанын жеткізді", - деді Песков тілшілерге.

"Ердоған болған оқиғаға байланысты терең күйзеліспен көңіл айтып, Түркия мен Ресейдің дәстүрді достастық қарым-қатынасының қайта орнығуына, сонымен қатар өңірдегі дағдарыс оқиғаларына бірігіп жауап қатуға, терроризммен күресуге бар мүмкіндікті жасайтынын жеткізді", - деп атап өтті Песков.

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 маусым 2016, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.