Атырау, 27 желтоқсан 16:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Жанкешті АҚШ-тың Джиддадағы консулдығы алдында өзін-өзі жарып жіберді

2 424 рет қаралды

Фото: AFPСауд Арабиясының Джидда қаласында жанкешті АҚШ консулдығы алдында өзін-өзі жарып жіберді,- деп хабарлады Азаттық.

Жарылыстан екі полиция жарақат алған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 4 шілдеде таңертең жанкешті өзі мінген көлікті консулдық жанына тоқтатқан және маңына полиция келгенде жарылғыш затты іске қосқан.

АҚШ елшілігі жарылыстан өз қызметкерлерінің зардап шекпегенін хабарлады.

2004 жылы "әл-Каида" содырлары Джиддадағы АҚШ консульдығына шабуыл жасап, бес адам мерт болған. Жергілікті полиция мен содырлар арасындағы атыстан төрт "әл-Каида" мүшесінің көзі жойылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 шілде 2016, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.