Атырау, 18 маусым 12:00
 дождьВ Атырау +28.6
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Мұнай бағасы Дохадағы келіссөздер қорытындысы аясында құлдырауда Әлемде

Мұнай бағасы Дохадағы келіссөздер қорытындысы аясында құлдырауда

Мұнайдың әлемдік бағасы жұмыс аптасының бірінші күні мұнай өндіруді тұрақтандыру мәселесі бойынша қатысушылар келісімге келе алмаған Дохада өткен ірі мұнай өндіруші елдер келіссөздерінің қорытындысы аясында төмендеуде делінген сауда деректерінде,- деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА. 18 сәуір 2016, 11:16 1 374 рет қаралды
Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды Әлемде

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды

Футболдан Еуропаның басты біріншілігі саналатын Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ойындардың жеребесі тартылды. Салтанатты шара Швейцарияның Ньон қаласында өтті,- деп хабарлады Мassaget.kz. 15 сәуір 2016, 16:05 2 801 рет қаралды
Жапонияда зілзаладан 2 адам қаза тапты Әлемде

Жапонияда зілзаладан 2 адам қаза тапты

Жапонияның оңтүстігінде күшті жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздеу, құтқару жұмыстарын түнде де жалғастырды. Қуаты 6 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі біраз ғимарат қираған. Жергілікті билік зілзаладан атом электр станцияларына қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады Азаттық. 15 сәуір 2016, 11:14 2 388 рет қаралды
Қырым прокуроры Меджилиске уақытша тыйым салды Әлемде

Қырым прокуроры Меджилиске уақытша тыйым салды

Ресей аннексиялап алған Қырым прокуроры Қырым татарларының кеңесі - Меджилистің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім шығарды. Қырым бас прокуроры Наталья Поклонская 13 сәуірде шығарған шешім бойынша, Меджилиске қоғамдық жиындар өткізуге, банк есеп шотын пайдалануға немесе ақпарат таратуға уақытша тыйым салынады,- деп хабарлады Азаттық. 14 сәуір 2016, 11:06 2 740 рет қаралды
Сирияда 7 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылды Әлемде

Сирияда 7 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылды

Азаматтар дауыс беру үшін елдегі 15 провинцияның 13-інде 7 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ұйымдастырылған. Ал «Ирак пен Левант» және «Джебхат ан-Нусра» лаңкестерінің бақылауындағы Ракка мен Идлиб провинцияларында мұндай жағдай жасау мүмкін болмады,- деп хабарлайды 24.kz 13 сәуір 2016, 15:54 2 588 рет қаралды
ХВҚ: Ұлыбритания референдумы әлем экономикасына әсер етеді Әлемде

ХВҚ: Ұлыбритания референдумы әлем экономикасына әсер етеді

Xалықаралық валюта қоры (ХВҚ) британдықтар 23 маусымда өтетін референдумда Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берсе, онда ол әлемдік әлсіз экономикаға кәдімгідей теріс әсер етуі мүмкін деп ескертті. ХВҚ-ның экономикалық мәселелер бойынша бас сарапшысы Морис Обстфильдтің мақаласында Ұлыбританиядағы дауыс беру "инвесторлар үшін екіұдай күй тудырған" негізгі қауіп-қатер деп аталады,- деп хабарлады Азаттық. 13 сәуір 2016, 11:51 1 908 рет қаралды
БҰҰ-да бас хатшылыққа үміткерлерді тыңдау басталды Әлемде

БҰҰ-да бас хатшылыққа үміткерлерді тыңдау басталды

БҰҰ Бас ассамблеясы мүшелері тарихта бірінші рет БҰҰ бас хатшылығына кандидаттарды тыңдауды бастады. 12 сәуірде өткен тыңдауда бас хатшылыққа тоғыз кандидаттың үшеуі: Черногория сыртқы істер министрі Игорь Лукшич, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бұрынғы жоғарға комиссары Антонио Гутерреш және ЮНЕСКО басшысы, болгариялық саясаткер Ирина Бокова сөйледі,- деп хабарлады Азаттық. 13 сәуір 2016, 10:18 2 194 рет қаралды
Бразилия парламенті президентке импичментті дауысқа салмақ Әлемде

Бразилия парламенті президентке импичментті дауысқа салмақ

Бразилия конгресінің төменгі палатасының комитеті президент Дилма Русефке ол 2014 жылғы президент сайлауы кампаниясында мемлекет бюджетінің шынайы көлемін жасырды деп айыпталған соң импичмент жариялауды ұсынды. Русеф ол сайлауда екінші рет сайланған,- деп хабарлайды Азаттық. 12 сәуір 2016, 10:33 2 135 рет қаралды
Беларусияда зейнетке шығар жас ұлғайды Әлемде

Беларусияда зейнетке шығар жас ұлғайды

Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко 11 сәуірде «Зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» жарлыққа қол қойды. Ол бойынша елдегі зейнетке шығу жасы ұлғайды, деп хабарлады БЕЛТА. 12 сәуір 2016, 10:32 1 982 рет қаралды
Тегеран: Ресей алғашқы С-300 кешенін жеткізді Әлемде

Тегеран: Ресей алғашқы С-300 кешенін жеткізді

Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Джабер Ансари бүгін Ресей Иранға С-300 зенит-зымыран кешенінің алғашқы партиясын жеткізгенін мәлімдеді. Ресей бұған дейін Иранға С-300 кешенін жеткізу туралы келісімді Батыс елдерінің қысыман байланысты бұзғанын мәлімдеген еді, - деп хабарлады Азаттық. 11 сәуір 2016, 17:41 1 757 рет қаралды
Арсений Яценюк отставкаға кетпек Әлемде

Арсений Яценюк отставкаға кетпек

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк отставкаға кететін болды. Бұл туралы ол телеарнадан үндеу жасады. Ол отставкаға кету туралы мәлімдемесін ресми түрде 12 сәуір күні парламентте жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Азаттық. 11 сәуір 2016, 11:23 2 318 рет қаралды
Керри Хиросимада атом қару үшін кешірім сұрамайды Әлемде

Керри Хиросимада атом қару үшін кешірім сұрамайды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Үлкен жетілік" елдері саммиті қарсаңында кездесу өткізу үшін Жапонияға барды. 11 сәуірде ол АҚШ жоғары шенді шенеуніктері арасында алғаш болып Хиросимадағы атом қаруы жарылысының құрбаны болғандарды еске алады,- деп хабарлайды Азаттық. 11 сәуір 2016, 10:22 1 598 рет қаралды
Кэмерон офшорда үлесі болғанын мойындады Әлемде

Кэмерон офшорда үлесі болғанын мойындады

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон әйелімен бірге өзінің қайтыс болған әкесі құрған офшорлық компанияда үлесі болғанын мойындады. BBC-дің хабарлауынша, премьер бұл үлесті әйелі екеуі 2010 жылы сатып, 30 мың фунт-стерлинг (шамамен 42 мың доллар) алғанын айтқан,- деп хабарлайды Азаттық. 8 сәуір 2016, 16:26 1 580 рет қаралды
Путин: "Панама құжаттары" - Ресейді тұрақсыз етудің жоспары Әлемде

Путин: "Панама құжаттары" - Ресейді тұрақсыз етудің жоспары

Ресей президенті Владимир Путин "Панама құжаттары" деген атпен жарияланған қаржылық және құқықтық құжаттарға қатысты бірінші рет түсініктеме берді. Журналистік ұйымдар 3 сәуірде Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының ондаған елдегі саясаткерлер мен белгілі адамдардың офшорлық әрекеттері туралы әшкере болған құжатарын жариялай бастаған,- деп хабарлады Азаттық. 8 сәуір 2016, 11:04 2 022 рет қаралды
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 38,96 долларға дейін төмендеді Әлемде

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 38,96 долларға дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде, өйткені инвесторлар «қара алтынның» өндіру деңгейін шекті деңгейде ұстап тұру жөніндегі кездесуде келісімге қол жеткізуге қатысты күмән келтіреді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлады РИА Новости. 8 сәуір 2016, 10:34 2 503 рет қаралды
Марк Цукерберг Facebook желісінің жаңа функциясын тікелей эфирде таныстырды Әлемде

Марк Цукерберг Facebook желісінің жаңа функциясын тікелей эфирде таныстырды

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желінің жаңа функциясын тікелей эфирде көрсетті. Енді кез келген адам Live функциясы арқылы тікелей видеотрансляция жасай алады,- деп хабарлайды tengrinews.kz. 7 сәуір 2016, 10:23 2 393 рет қаралды
Исландия премьері отставкаға кетпек Әлемде

Исландия премьері отставкаға кетпек

Исландия премьер-министрі Зигмундур Дэвид Гуннлаугссон даулы "Панама құжаттарында" коррупцияға қатысы бары туралы мәліметтен соң отставкаға кетуге өтініш білдірді. Әлем бойынша дау тудырған "Панама құжаттары" аталып кеткен есепте Исландия премьер-министрі әйелінің елдегі банктерде үлкен үлесі бар офшорлық компанияға иелік ететіні айтылған, - деп хабарлады Азаттық. 6 сәуір 2016, 11:56 2 147 рет қаралды
WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты Әлемде

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты. Енді end-to-end шифрлеу функциясы мәтінді бөтен адамдардың оқып қоюынан сақтайды екен. Бұл туралы қосымшаның ресми блогында айтылады,- деп хабарлайды tengrinews.kz. 6 сәуір 2016, 10:57 2 105 рет қаралды