Атырау, 8 қазан 09:32
 дождьВ Атырау +10.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Ресейдің 270 спортшысына Рио Олимпиадасына қатысуға рұқсат етілді Әлемде

Ресейдің 270 спортшысына Рио Олимпиадасына қатысуға рұқсат етілді

Ресей олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуковтың айтуынша, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Бразилияда өтетін Олимпиадаға Ресейден 271 спортшының қатысуына рұқсат етті. Ресей олимпиада құрамасындағы 387 спортшының 116-сы жарыстан түпкілікті шеттетілген,- деп хабарлады Азаттық. 5 тамыз 2016, 10:37 2 257 рет қаралды
Түрік билігі Фетхуллаһ Гүленді ұстауға ордер берді Әлемде

Түрік билігі Фетхуллаһ Гүленді ұстауға ордер берді

Түркия билігі АҚШ-та тұратын оппозициялық діни уағыздаушы Фетхуллаһ Гүленді қамауға ордер берді. Стамбул соты ол 15 шілдеде төңкеріс жасауға бұйрық берді деген қаулы шығарды - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап. 5 тамыз 2016, 10:16 2 752 рет қаралды
Ауғанстанда тікұшақ апат болып, экипаж талибтер қолына түсті Әлемде

Ауғанстанда тікұшақ апат болып, экипаж талибтер қолына түсті

Пәкістан билігі Ауғанстанда талибтер бақылайтын территорияда Пәкістан тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Тікұшақтың барлық экипажы мен жолаушылары, оның ішінде бір ресейлік содырлардың қолында. DawnNews агенттігінің мәліметінше, бортында жеті адам отырған үкімет тікұшағы жөндеуден өту үшін Өзбекстанға ұшып бара жатқанда ауған-пәкістан шекарасына және Пәкістанның Куррам тайпалық аймағына жақын ауданға құлаған,- деп хабарлады Азаттық. 5 тамыз 2016, 09:56 1 630 рет қаралды
Қырғызстан президенті лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды Әлемде

Қырғызстан президенті лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев терроризм мен экстремизм үшін сотталған адамдарды азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл заңның мақсаты - халықаралық терроризм мен экстремизм саласындағы қылмыстар үшін қатаң жауапкершілікке тарту. 4 тамыз 2016, 15:43 2 100 рет қаралды
Рио тұрғындары Олимпиада алауын наразылық акциясымен қарсы алды Әлемде

Рио тұрғындары Олимпиада алауын наразылық акциясымен қарсы алды

Рио-де-Жанейро қаласының жүздеген тұрғыны Олимпиада алауын наразылық шеруімен күтіп алды. Олар Олимпиада ойындарына қомақты қаржы бөлуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz. 4 тамыз 2016, 11:26 2 425 рет қаралды
Керри Орталық Азияны ынтымағын нығайтуға үндеді Әлемде

Керри Орталық Азияны ынтымағын нығайтуға үндеді

3 тамыз күні Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен C5+ 1 форматында жиын өткізген АҚШ-тың мемлекет хатшысы Джон Керри әріптестерін терроризммен күрес және экономикалық өсу жолында көбірек ынтымақтасуға шақырды. Жиынға Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 4 тамыз 2016, 10:45 2 602 рет қаралды
Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың алғашқы ойындары басталды Әлемде

Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың алғашқы ойындары басталды

Рио-де-Жанейрода 3 тамызда Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы - футболдан әйелдер құрамалары арасындағы іріктеу матчтары басталды. Олимпиаданың ашылу салтанаты 5 тамызда өтеді. Алғашқы іріктеу матчында Швеция мен Оңтүстік Африка Республикасының командалары кездесіп, Швейция құрамасы 1:0 есебімен жеңді,- деп хабарлады Азаттық. 4 тамыз 2016, 10:21 2 197 рет қаралды
Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасады: 1 адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды Әлемде

Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасады: 1 адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды

Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты және кемінде бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 4 тамыз 2016, 10:17 2 579 рет қаралды
Трамп Обаманың президенттік кезеңін "апат" деп атады Әлемде

Трамп Обаманың президенттік кезеңін "апат" деп атады

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп Барак Обаманың президенттік қызметте отырған кезеңін "апат кезеңі" деп атады. Трамп мұны Обама өзін "президент қызметіне лайық емес" деп атаған соң айтты,- деп хабарлады Азаттық. 3 тамыз 2016, 16:10 1 975 рет қаралды
Вашингтонда Керри Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездеседі Әлемде

Вашингтонда Керри Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездеседі

Вашингтонда бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Кездесудің күн тәртібінде аймақтық қауіпсіздік, экономикалық байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі проблемалары және гуманитарлық мәселелер бар,- деп хабарлады Азаттық. 3 тамыз 2016, 11:15 3 156 рет қаралды
Олимпиада алдында Бразилия қауіпсіздікті күшейтуде Әлемде

Олимпиада алдында Бразилия қауіпсіздікті күшейтуде

Олимпиада-2016 ашылуы алдында Бразилия Құтқарушы Иса мүсіні және Қант басы тауы секілді Рио-де-Жанейроның маңызды туристік орындарындағы қауіпсіздікті күшейтпек, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 3 тамыз 2016, 11:07 1 819 рет қаралды
АҚШ-та мұнай бағасы үш айдағы ең төменгі деңгейге арзандады Әлемде

АҚШ-та мұнай бағасы үш айдағы ең төменгі деңгейге арзандады

АҚШ-та 2 тамызда осы елде өндірілетін мұнай бағасы соңғы үш айда 40 доллардан төмендеп, баррелі 39 доллар 51 центке дейін түсті. Трейдерлер америкалық мұнай қоймаларындағы мұнай қоры туралы мәліметтердің шығуын күтеді. Сарапшылардың болжамынша, мұнай сақтау орындары қазір толып тұр,- деп хабарлады Азаттық. 3 тамыз 2016, 10:49 2 631 рет қаралды
Ресей бес жүз мың тәжік мигрантына зейнетақы төлемек Әлемде

Ресей бес жүз мың тәжік мигрантына зейнетақы төлемек

Тәжікстан мен Ресей арасында тәжік еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы дайын, қазір екі ел сарапшылары келісімді жүзеге асыру тетіктерін талқылап жатыр. Бұл туралы Озоди радиосына Тәжікстанның еңбек, миграция және халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі министрінің орынбасары Нуролло Махмадуллозода хабарлады - деп жазады Baq.kz centralasian.org-қа сілтеме жасап. 2 тамыз 2016, 16:02 2 578 рет қаралды
Армения президенті оппозиция талабын орындап, жаңа үкімет құратынын мәлімдеді Әлемде

Армения президенті оппозиция талабын орындап, жаңа үкімет құратынын мәлімдеді

Армения президенті Серж Саргсян бірнеше айдан кейін оппозиция көтерген талаптың бірі — ұлттық келісім үкіметі құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Армения президенті республика басшысы дүйсенбі күнгі қоғам, билік, дін өкілдерімен кездесуінде жариялады. Кездесуде Еревандағы полиция бөлімін қарулы күштердің басып алуынан кейінгі жағдай талқыланды,- деп хабарлайды 365info.kz сайты Армения жаңалықтарына сілтеме жасап. 2 тамыз 2016, 11:34 2 540 рет қаралды
Ереван: полиция полкін басып алу ісіне қатысы бар 47 адам ұсталды Әлемде

Ереван: полиция полкін басып алу ісіне қатысы бар 47 адам ұсталды

Арменияда полиция полкін басып алу ісі бойынша 47 адам ұсталды. Олардың 24-не кепілдікке адам ұстады деген айыптар тағылды - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап. 2 тамыз 2016, 10:23 2 973 рет қаралды
Түркияда жарылыстан 5 полиция қызметкері қаза тапты Әлемде

Түркияда жарылыстан 5 полиция қызметкері қаза тапты

Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болып, салдарынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері қаза тапты. Күрдтер басым тұратын Бинголь провинциясы губернаторының хабарлауынша, 1 тамызда болған жарылыстан тағы үш адам жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы жарылыс болған кезде бір көлікте келе жатқан,- деп хабарлады Азаттық. 2 тамыз 2016, 10:05 2 995 рет қаралды
Махачкалада жарылыстан 23 адам жараланды Әлемде

Махачкалада жарылыстан 23 адам жараланды

Дағыстанның Махачкала қаласында мейрамханада жарылыс болып, кем дегенде 23 адам жараланды. Олардың кейбірінің халі ауыр,- деп хабарлады Азаттық. Дағыстан ішкі істер министрлігі 1 тамызда болған жарылыс мейрамханадағы табиғи газ себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді. 2 тамыз 2016, 09:56 2 515 рет қаралды
Сирияда ресейлік Ми-8 тікұшағы атып түсірілді Әлемде

Сирияда ресейлік Ми-8 тікұшағы атып түсірілді

АСТАНА. Қазақпарат - Сириялық Идлиб провинциясында жердегілер атқылап ресейлік Ми-8 әскери-көліктік тікұшағын құлатты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 1 тамыз 2016, 16:10 1 671 рет қаралды
«Ислам мемлекеті» ресейлік содырларды жиһад жасауға шақырды Әлемде

«Ислам мемлекеті» ресейлік содырларды жиһад жасауға шақырды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ресейде бірнеше лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін. Топ жетекшілері күні кеше осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Skifnews.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап. 1 тамыз 2016, 10:57 2 070 рет қаралды
Ереванда полиция полкін басып алғандар билікке берілді Әлемде

Ереванда полиция полкін басып алғандар билікке берілді

Ереванда полиция полкін басып алған қарулы топтың қалған мүшелері қаруын тастап, берілді. Билікпен екі аптаға созылған текетіресте екі полиция қызметкері қаза тапқан. "Армян құқық қорғау органдары тиянақты және үйлесімді іс-қимыл жасауының арқасында қарулы топ мүшелерін билікке берілуге мәжбүр етті. 20 террорист ұсталды" делінген Армения ұлттық қауіпсіәздік қызметінің ресми мәлімдемесінде,- деп хабарлады Азаттық. 1 тамыз 2016, 09:59 2 476 рет қаралды
Кабулде қонақүйде жарылыс болды Әлемде

Кабулде қонақүйде жарылыс болды

Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында бүгін таңертең қонақүй мен логистикалық орталықта жарылыс болды. Әзірге жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бару туралы мәлімет жоқ. Ауғанстан күштік құрылымдарындағы дереккөздері Кабул халықаралық әуежайына жақын ауданда орналасқан Northgate Hotel қонақүй қақпасын жарылғыш зат тиелген жүк көлігі бұзып өткен соң кем дегенде төрт содыр қонақүй территориясына басып кіргенін айтады,- деп хабарлады Азаттық. 1 тамыз 2016, 09:55 2 363 рет қаралды
Америка полицейлері қылмыскерлерді Pokémon Go ойыны арқылы ұстауға көшті Әлемде

Америка полицейлері қылмыскерлерді Pokémon Go ойыны арқылы ұстауға көшті

Шынайы элементтермен толықтырылған Pokémon Go ойынының танымалдылығы АҚШ полицейлерінің назарын аударды. Енді олар бұл ойынның көмегімен қылмыскерлерді ұстамақ,- деп хабарлады BNews.kz. 1 тамыз 2016, 09:45 1 960 рет қаралды