3 тамыз күні Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен C5+ 1 форматында жиын өткізген АҚШ-тың мемлекет хатшысы Джон Керри әріптестерін терроризммен күрес және экономикалық өсу жолында көбірек ынтымақтасуға шақырды. Жиынға Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық.
АҚШ пен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері бұл форматта екінші мәрте жүздесіп отыр. Тарихи түрде Мәскеудің ықпалында болған аймақ елдері 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялып алып, Украинаның шығысындағы сепартизмге дем берген соң мазасыздана бастаған.
Вашингтондағы жиынды ашқан Керри: "Контр-терроризм, сауда мен инвестиция, экономикалық даму мен таза қуат өндіру бойынша аймақпен жаңаша қатынас жасау арқылы алға басамыз деп үміттенем" деді.
Керри АҚШ-тың Орталық Азиядағы әрбір мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын "қалтқысыз қолдайтынын" айта кетті. АҚШ дипломаты бұл аймақ елдеріндегі адам құқықтарының нашар ахуалына қатысты да алаңдаушылық бар екеніне меңзеді.
C5+ 1 форматындағы кездесудің алғашқы отырысы 2015 жылғы қарашада Самарқанда өткен еді.
Дереккөз: Аzattyq.org