АСТАНА. Қазақпарат - Сириялық Идлиб провинциясында жердегілер атқылап ресейлік Ми-8 әскери-көліктік тікұшағын құлатты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Министрліктің ақпаратынша, тікұшақ Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізген соң Хмеймим авиабазасына оралған.
«Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен Сириядағы қақтығысып жатқан тараптарды бітімгерлікке шақыру орталығының екі офицері болды. Ресейлік әскерилердің тағдыры анықталуда», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дереккөз:Іnform.kz