Атырау, 9 қазан 10:53
 дождьВ Атырау +9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Әлемде

Лавров: Nord Stream 2 құбыры жобасы тоқтаған жоқ Әлемде

Лавров: Nord Stream 2 құбыры жобасы тоқтаған жоқ

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Nord Stream 2 табиғи газ құбыры жобасын дамытуға шақырды,- деп хабарлады Азаттық. "Жоба Еуропа одағындағы қазіргі газ инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сай келеді" деп мәлімдеді Сергей Лавров. 15 тамыз 2016, 15:11 1 984 рет қаралды
Америкалық жүзгіштер Риода өздерін тонағанын мәлімдеді Әлемде

Америкалық жүзгіштер Риода өздерін тонағанын мәлімдеді

Америкалық жүзгіш Райан Лохтенің NC телеарнасына айтуынша, Рио-де-Жанейрода түнде өзін "полиция қызметкерлері" ретінде тоқтатқан белгісіз адамдар тапаншамен қорқытып, тонап кеткен. Бұған дейін АҚШ-тың Олимпиада комитеті Лохте мен өзге екі жүзгіштің 14 тамыз күні таң ата тоналғанын айтқан,- деп хабарлады Азаттық. 15 тамыз 2016, 10:31 1 900 рет қаралды
Усэйн Болт жеті дүркін олимпиада чемпионы атанды Әлемде

Усэйн Болт жеті дүркін олимпиада чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық спринтер Усэйн Болт 100 метр қашықтыққа жүгіруден 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтынын ұтып, жеті дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшы қашықтықты 9,81 секундта еңсерді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 15 тамыз 2016, 10:00 3 476 рет қаралды
АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды Әлемде

АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды

АҚШ Мәскеудің "Қырымда украин арнайы қызметінің зымияндық әрекеттер жоспарлағаны" туралы мәлімдемесінен соң Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің күрт күшейгеніне "қатты алаңдайтынын" мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 12 тамыз 2016, 10:43 3 186 рет қаралды
Анкара: Мәскеумен қатынасты Батыстың ұстанымына қарамастан жақсартамыз Әлемде

Анкара: Мәскеумен қатынасты Батыстың ұстанымына қарамастан жақсартамыз

Түркияның Ресейдегі елшісі Үміт Ярдим Мәскеудің Батыс елдерімен арасы шиеленісіп тұрғанына қарамастан Түркия Ресеймен байланысын нығайта беретінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 12 тамыз 2016, 10:37 1 932 рет қаралды
Таиландта демалыс орындарында бір уақытта бірнеше жарылыс болды Әлемде

Таиландта демалыс орындарында бір уақытта бірнеше жарылыс болды

Таиландтағы демалатын туристік орындарда Пхукет аралында, Сурат Тхани мен Хуахин қалаларында алты жарылыс болып, бір адам қаза тауып, 5-ке жуық адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 12 тамыз 2016, 10:30 1 892 рет қаралды
Украина Ресейдің Қырымға қатысты айыбына орай БҰҰ-ға жүгінбек Әлемде

Украина Ресейдің Қырымға қатысты айыбына орай БҰҰ-ға жүгінбек

Украина Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) "Қырымда теракт жасамақ болған украин диверсанттарын" ұстағаны туралы хабарлаған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек. Бұл туралы Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 11 тамыз 2016, 16:37 2 862 рет қаралды
Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады Әлемде

Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады

Ресей билігінің мәліметінше, Сирияның Алеппо қаласын қоршап тұрған әскер қалаға гуманитарлық жүк кіруі үшін күн сайын үш сағаттан ұрыс қимылдарын тоқтатпақ. Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары шенді өкілі Сергей Рудскийдің хабарлауынша, 11 тамыздан бастап "барлық әскери операциялар", оның ішінде әуе шабуылдары мен артиллериядан атқылау жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-нан түскі сағат 13-ке дейін тоқтатылмақ,- деп хабарлады Азаттық. 11 тамыз 2016, 10:30 1 805 рет қаралды
Мемтөңкеріс әрекетінен кейін Ердоғанға бірінші болып хабарласқандардың бірі мен - Путин Әлемде

Мемтөңкеріс әрекетінен кейін Ердоғанға бірінші болып хабарласқандардың бірі мен - Путин

Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанға бірінші болып қоңырау шалғандардың бірі Ресей басшысы Владимир Путин болған. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінде Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты L!fe-ке сілтеме жасап. 10 тамыз 2016, 10:17 2 176 рет қаралды
БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды Әлемде

БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды

БҰҰ Сирияның Алеппо қаласында соғысты уақытша тоқтатып, "гуманитарлық үзіліс" жасауға шақырды. БҰҰ гуманитарлық көмек қызметінің өкілі 9 тамызда Алеппода соғыстан су және электр қуатын тарату жүйелері қирап, жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 9 тамыз 2016, 16:40 1 691 рет қаралды
Британияда жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр Әлемде

Британияда жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр

Ұлыбританияда «Саузерн Рэйлуэй» теміржол компаниясының қызметкерлері бескүндік ереуіл өткізіп жатыр. Бұл соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ наразылық шарасы болғалы тұр,- деп хабарлады BNews.kz. 9 тамыз 2016, 16:14 2 336 рет қаралды
Путин: Иран және Әзербайжанмен Каспийдегі жобаларды талқылауға дайынбыз Әлемде

Путин: Иран және Әзербайжанмен Каспийдегі жобаларды талқылауға дайынбыз

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан және Иранмен Каспий теңізі аймағында жаңа энергетикалық және транспорттық жобаларды талқылауға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. Бұл туралы ол Бакуде 8 тамызда Иран және Әзербайжан президенттері Хассан Роухани және Ильхам Әлиевпен бірінші рет үш жақты кездесуінде айтты. Президенттер мұндай жаңа форматтағы кездесу байланысты жақсартуы тиіс деп санайды. 9 тамыз 2016, 10:51 2 568 рет қаралды
Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады Әлемде

Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады

Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Дүйсенбіде, 8 тамызда, көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады. Бейнежазба 9 тамыз 2016, 10:04 2 182 рет қаралды
Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 30 адам көз жұмды Әлемде

Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 30 адам көз жұмды

Пәкістанның оңтүстік батысындағы Кветта қаласында бүгін аурухана қақпасы алдында болған жарылыстан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Денесіне жарылғыш зат байлаған жанкешті аурухана кіреберісінде өзін-өзі жарып жіберген,- деп хабарлады Азаттық. 8 тамыз 2016, 14:46 2 507 рет қаралды
Ердоған өлім жазасын қалпына келтіру ниетін тағы мәлімдеді Әлемде

Ердоған өлім жазасын қалпына келтіру ниетін тағы мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулл Гүленді мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп тағы да айыптады. 7 тамызда Стамбулда мыңдаған адам қатысқан митингте сөйлеген Ердоған "Гүлен ұйымдастырған желіні" бұзуға шақырып, егер парламент қолдаса елде өлім жазасын қалпына келтіруге уәде берді,- деп хабарлады Азаттық. 8 тамыз 2016, 12:18 2 628 рет қаралды
Алеппода үкімет әскері қоршау бұзылған соң қарсы шабуылға шықты Әлемде

Алеппода үкімет әскері қоршау бұзылған соң қарсы шабуылға шықты

Сирия мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, әскери-әуе күштері Алеппо маңында көтерілісшілер шебіне соққы берді. Мұның алдында ғана көтерілісшілер үш аптаға созылған қала қоршауын бұзғанын мәлімдеген еді. Бір кездері Сирияның ең үлкен қаласы болған Алеппо үшін шайқас бес жылдан асқан соғыстың беталысына ықпал етуі әбден мүмкін. Соғыстан Сирияда 250 мыңнан астам адам қаза тауып, бір миллионға тарта адам босып кеткен,- деп хабарлады Азаттық. 8 тамыз 2016, 11:01 1 812 рет қаралды
Майкл Фелпс тарихта тұңғыш рет 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды Әлемде

Майкл Фелпс тарихта тұңғыш рет 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Танымал америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасында 4 метрден 100 метрге дейін еркін стильдегі жүзу кешенінде алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 8 тамыз 2016, 11:05 2 803 рет қаралды
Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты Әлемде

Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты

ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты. Олардың еншісінде қазір 3 алтын, 2 күміс, 3 қола (8) медаль бар,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 8 тамыз 2016, 10:27 1 857 рет қаралды
АҚШ Гүленді Түркияға неліктен бермей отырғанын айтты Әлемде

АҚШ Гүленді Түркияға неліктен бермей отырғанын айтты

Уағызшы Фетхуллах Гүлен Түркияға жіберілмеуі мүмкін. Себебі Түркия билігі АҚШ-қа Гүленнің мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырғаны жайлы жеткілікті дәлелдерді келтірмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 5 тамыз 2016, 16:09 3 158 рет қаралды
Қырғызстанда терроризм айыбымен сотталғандар азаматтықтан айырылмақ Әлемде

Қырғызстанда терроризм айыбымен сотталғандар азаматтықтан айырылмақ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев терроризм мен экстремизм айыбы бойынша сотталғандарды азаматтықтан айыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 5 тамыз 2016, 16:06 2 318 рет қаралды