Фото: ria.ruСирия үкіметінің әскері Алеппо қаласының оңтүстігінде 35 лаңкестің көзін жойды. Тағы 15 бронды техника талқандалған. Қалған содырлар қоршауға алынды,- деп хабарлады 24.kz.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, экстремистер қарулы күштердің берілу туралы бұйрығына құлақ аспай отыр. Осының алдында «Джейш әл-Фатх» деп аталатын лаңкестік топ мүшелері цемент зауытының жанынан бекінген үкімет әскеріне шабуыл жасаған. Бұдан басқа қаладағы бірнеше әскери училище орналасқан аумақты террористерден азат ету операциясына дайындық басталды. Құрлық сарбаздарына әуе күштері көмек беріп жатыр.
Дереккөз:24.kz