Атырау, 27 қараша 06:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды

2 924 просмотра

АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт. Фото: ТАССАҚШ Мәскеудің "Қырымда украин арнайы қызметінің зымияндық әрекеттер жоспарлағаны" туралы мәлімдемесінен соң Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің күрт күшейгеніне "қатты алаңдайтынын" мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Киев Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің "Қырымдағы зымияндық әрекет" туралы айыбын жоққа шығарып, оны "Украинаға қарсы жаңа әскери доқ көрсетуге сылтау" деп атаған. Украина осыған байланысты Қырыммен шекарадағы әскерін жоғары дайындыққа келтірді. Ал Ресей қауіпсіздік шарасын күшейтіп, Қара теңізде жаңа әскери теңіз жаттығуын бастайтынын жариялады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Элизабет Трюдо екі елді 11 тамызда "онсыз да қауіпті шекте тұрған жағдайды" одан сайын шиеленістіретін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырды. Мұның алдында АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт Ресейдің Киевті "Қырымда жаңа террор ұйымдастырмақ" деп айыптап, Украинаға жаңа басқыншылық жасауына негіз болатын еш дәлел жоғын мәлімдеген. Украина президенті Петр Порошенко шиеленіс күшеюіне байланысты Ресей президенті Владимир Путинмен және бірқатар Батыс елдерінің басшыларымен сөйлескісі келетінін білдірді.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 тамыз 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.