Атырау, 27 қараша 06:47
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды

1 429 просмотра

Фото: ReutersБҰҰ Сирияның Алеппо қаласында соғысты уақытша тоқтатып, "гуманитарлық үзіліс" жасауға шақырды. БҰҰ гуманитарлық көмек қызметінің өкілі 9 тамызда Алеппода соғыстан су және электр қуатын тарату жүйелері қирап, жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

БҰҰ өтінішіне қарамастан, сириялық белсенділер үкімет әскери ұшақтары Алеппоның оппозицияшыл көтерілісшілер орныққан аудандарын бомбалап жатқанын айтады.

Өткен аптаның соңында көтерілісшілер Алеппода үкімет әскерінің қоршауын бұзып, үкіметшіл күштердің керек-жарақ жеткізетін тасымал жолын кескенін мәлімдеген. Бұдан соң шайқас қайтадан күшеюі мүмкін деп екі жақ әскери қуатын күшейте бастаған.

БҰҰ өкілдері көтерішлісшілер қарсы шабуылға шыққанан бері "шын мәнінде үрейде" отырған бейбіт тұрғын саны екі миллионға жеткенін айтады.

Ресей авиациясы қолдайтын президент Башар Асадқа бағынышты күштер көтерілісшілер бақылауындағы Алеппоны 17 шілдеде қоршауға алған.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 тамыз 2016, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.