АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада тропикалық Эрл дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Елдің шығысына ойысқан дауыл лай көшкіні мен су тасқынын тудырды.
Табиғи апаттан зардап шеккен Веракрус, Пуэбл штаттарында тұрғын үйлер лай астында қалды, онда адамдар да болуы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткендердің нақты саны әзірге белгісіз.
Атап айтқанда, Пуэблде 32 адам көз жұмды, оның 15-і бала, деп хабарлады Франс пресс, қазір көп ауылдарда байланысы үзілген.
Аман қалғандарды табу үміті азайып, құрбандар саны артуда. Дүйсенбіде 38 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын.
Дауыл Белизде басталды. Дауыл ол кезде бірінші санатты дауыл ретінде тіркелді. Ол Мексикаға жеткен кезде біршама саябырсыды, соған қарамастан жел екпіні күшейіп, соңы нөсерге ұласты.
Дереккөз: Іnform.kz