Атырау, 27 қараша 06:55
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 30 адам көз жұмды

2 191 просмотра

Фото: AFPПәкістанның оңтүстік батысындағы Кветта қаласында бүгін аурухана қақпасы алдында болған жарылыстан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Денесіне жарылғыш зат байлаған жанкешті аурухана кіреберісінде өзін-өзі жарып жіберген,- деп хабарлады Азаттық.

Полиция дерегінше, адам шығынымен қоса ондаған кісі жараланған. Жарылыс атыста қаза тапқан белгілі адвокат Вилал Касидің денесін ауруханаға жеткізген соң ұзамай болған. Вилал Касиді 8 тамыз күні ол сотқа бара жатқанда белгісіз адам атып өлтірген.

Ауруханаға жасалған шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ. Сонымен бірге, Вилал Касиді кім өлтіргені де әзірге белгісіз.

Балуджистан провинциясының билігі шабуылға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 тамыз 2016, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.