Атырау, 31 қазан 18:05
 дождьВ Атырау +15.6
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Атырауда «Судоремонтник» стадионы Премьер-лига матчтарын өткізуге рұқсат алды

566 рет қаралды

Атыраудағы «Судоремонтник» стадионы Қазақстан футбол федерациясының лицензиялауынан өтіп, Премьер-лига матчтарын өткізуге рұқсат алды.

«Атырау» футбол клубы хабарлағандай, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен стадионда жаңарту жұмыстары жүргізіліп, нысан қажетті талаптарға сәйкес жарақталды.

«Атырау» алдағы өз алаңындағы матчтарын дәл осы аренада өткізеді.

14 қазанда команда «Елімайға» қарсы ойнайды, ал 25 қазанда «Ертісті» қабылдайды.

Билет туралы қосымша ақпаратты клуб өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялауға уәде береді.

9 қазан, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.