Атырау, 27 қараша 06:50
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қырғызстанда терроризм айыбымен сотталғандар азаматтықтан айырылмақ

2 163 просмотра

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (суретте) терроризм мен экстремизм айыбы бойынша сотталғандарды азаматтықтан айыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Атамбаев терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдарға қатысты бірнеше заңға өзгерістер енгізу жобасына қол қойды. Құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске, қылмыстық және қылмыстық процессуалдық кодекстерге, "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы", "Азаматтық туралы" және "Мемлекеттік зейнеткерлік әлеуметтік сақтандыру туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер бойынша, терроризм айыбымен сотталғандардың жазасын өтеу режимі қатаңдатылады.

Алматыда полиция бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасалған соң Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов шетелге соғыс қимылдарына қатысқан қазақстандықтарды азаматтықтан айыру туралы заңға түзету енгізу даярланып жатқанын айтқан. ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов экстремизм және терроризм айыптары бойынша жауапқа тартылғандарды бас бостандығынан айыру және шектеудің ең төменгі және ең жоғарғы мерзімдерін ұлғайту туралы өзгерістер жаярланып жатқанын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 тамыз 2016, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.