АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық спринтер Усэйн Болт 100 метр қашықтыққа жүгіруден 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтынын ұтып, жеті дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшы қашықтықты 9,81 секундта еңсерді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Екінші орында америкалық Джастин Гатлин (9,89). Үшінші канадалық Андре де Грассе (9,91).
Болт Бейжіңде (2008) және Лондонда (2012) өткен олимпиадалық ойындарда үш сайыста алты алтын ұтқан. 2015 жылғы әлем чемпионатында ямайкалық желаяқ үш алтын жүлдеге ие болды, онда ол 11 дүркін әлем чемпионы атанған. Бұл жеңіл атлетика тарихында үздік нәтиже болып табылады.
Дереккөз: Іnform.kz