Атырау, 27 қараша 06:52
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Майкл Фелпс тарихта тұңғыш рет 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

2 554 просмотра

Фото: Vesti.kzТанымал америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасында 4 метрден 100 метрге дейін еркін стильдегі жүзу кешенінде алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда Фелпс пен командаластары Калеб Дрессел, Райан Хелд пен Натан Эдриан үш минут және 9,92 секундта жүзіп өтті. Айта кетейік, жүзуден күміс медальді француз жүзушілері (3.10,53) алса, қола медальді (3.11,37) австралиялық жүзушілер иеленді.

Осылайша, 31 жастағы Фелпс әлем тарихында тұңғыш рет 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол Олимпиада ойындарының тарихында рекордты жаңартқан спортшыларды басып озды. Оның қоржынында енді 23 медаль бар.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында жүзу спортынан Қазақстан атынан Баландинмен қатар Виталий Худяков та шығады. Ол 16 тамызда ашық аспан астында 10 шақырымға жүзуден жарысады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

8 тамыз 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.