Атырау, 27 қараша 06:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

Бейнежазба
3 752 просмотра

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Маракана стадионында 31-жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлады Азаттық.

Төрт сағатқа жалғасқан ашылу салтанатындағы қойылымда жерде тіршіліктің бастау алған сәті, Бразилия мәдениеті және Риодағы кедей халық тұратын фавелалардағы өмір бейнеленді. Ғаламдық жылыну мәселесіне де қойылымға арқау болды.

Қойылымдардан кейін олимпиадаға қатысатын 205 елдің спортшыларының шеруі өтті. Салтанатты шеруге босқындар құрамасы мен тәуелсіз спортшылар да қатысты.

Ашылу салтанатына Халықаралық олимпиада комитеті президенті Томас Бах, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишел Темер және 40 астам елдің президенттері қатысты.

Олимпиада ұйымдастыру комитетінің дерегінше, ашылу салтанатын әлем бойынша 3 миллиардқа жуық адам тамашалаған.

Ашылу салтанаты басталатын күні Рионың бірнеше жерінде олимпиаданың өтуіне қарсы шаралар мен митингтер өткен.

Олимпиадалық ойындар 21 тамызда аяқталады. Қазақстаннан бұл жарысқа 104 спортшы қатысады.


Дереккөз: Аzattyq.org

6 тамыз 2016, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.