Фото: РИА НовостиТүркияда мемлекеттік әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанға бірінші болып қоңырау шалғандардың бірі Ресей басшысы Владимир Путин болған. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінде Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты L!fe-ке сілтеме жасап.
"Өзімнің әскери төңкеріс әрекетіне кейін бірінші болып көңіл айтып және қолдау білдіріп, бірінші қоңырау шалған президенттің бірі екенімді білемін. Мен тағы да қайталаймын, бұл біздің ұстанымымыз. Біз әрқашан да антиконституциялық әрекеттерге қарсымыз", - деді Путин.
Өз кезегінде Түркия басшысы Владимир Путиннің қоңырау шалуына қатысты былай деді: "Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың әрекетінен кейін мені және әріптестерімді Путиннің қоңырау шалуы қатты қуантты".
Путин Ердоғанның түрік халқының ішкі проблемаларды жоятынын және конституциялық тәртіп орнататынына сенім білдірді.
Айта кетейік, екі елдің басшылары түрік жойғыштарының Сирия әуесінде ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын құлатқаннан кейін бірінші рет кездесіп отыр. Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, екі ел президенттері экономикалық әріптестік және мемлекеттер арасында пайда болған дағдарыс жайлы талқылайды.
Дереккөз: Tengrinews.kz