Атырау, 27 қараша 06:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады

Бейнежазба
2 019 просмотра

Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Дүйсенбіде, 8 тамызда, көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады.

Ұшақтар лаңкестердің басқару пункті мен үлкен далалық лагерін талқандады. "Пальмира және Арак аудандарында басқару пункті мен лаңкестер шоғырланған жерлер, қару-жарақ жасырынған жертөлелер қоймасы, құрлық әскеріне арналған әскери көліктер, 12 ірі калибрлі пулемет орнатылған жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, қарсылас жақтың лаңкестерінің көп мөлшерде көзі жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрлігі YouTube арнасында ДАИШ нысандарына жасалған соққының видеосын жариялады.


Дереккөз: Tengrinews.kz

9 тамыз 2016, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.