Нагасакидегі атом қаруы құрбандарына арналған Бейбітшілік мемориалы. Жапония, 9 тамыз 2016 жыл. Фото: AFPЖапонияда бүгін осыдан 71 жыл бұрын Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасының құрбандарын еске алды,- деп хабарлады Азаттық.
Атом бомбасынан тірі қалғандар мен құрбандардың туыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 11:02-де құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, храмдарда қоңырау соғылды. 1945 жылы тамыздың 9-ы күні дәл осы уақытта америкалық әскери ұшақ Нагасаки қаласына тастаған жойқын қару салдарынан 70 мыңдай адам мерт болған. Содан үш күн бұрын Хиросима қаласына адамзат тарихында алғаш рет атом бомбасын тастаған еді.
Азалы рәсімде сөйлеген Нагасаки мэрі Томихиса Тауэ АҚШ президенті Барак Обаманың мамыр айында Нагасакиге келген сапарын жоғары бағалады. "Фактілерді білу ядролық қарудан азат болашақ туралы ойлаудың бастамасы болады" деген Тауэ әлемнің өзге де елдерінің басшыларын Нагасакиге келуге шақырды.
Дереккөз: Аzattyq.org