Атырау, 27 қараша 06:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ердоған өлім жазасын қалпына келтіру ниетін тағы мәлімдеді

2 265 просмотра

Фото: ReutersТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулл Гүленді мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп тағы да айыптады. 7 тамызда Стамбулда мыңдаған адам қатысқан митингте сөйлеген Ердоған "Гүлен ұйымдастырған желіні" бұзуға шақырып, егер парламент қолдаса елде өлім жазасын қалпына келтіруге уәде берді,- деп хабарлады Азаттық.

Стамбулдегі митингіге дейін Түркияның бірнеше қаласында Ердоғанды қолдаған демонстрациялар өткен. Стамбулдан жүргізілген телерепортажға қарағанда, акцияға қатысқандар Түркия туларын арлы-берлі бұлғап, Ердоғанның эмоцияға толы сөзін байсалды қабылдаған. Ердоған сөйлеген сахнаның алдыңғы қатарында отырған генералдардан да ашық эмоция байқалмайды.

Батыстық ақпарат агенттіктері Стамбулдағы "Демократия мен азап шегушілер" деп аталатын митинг шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айыптап, Ердоғанға қолдау білдіру үшін өткізілген дейді.

15 шілдеде Түркияда төңкеріс жасау әрекеті салдарынан 270-тен астам адам қаза тапқан. Бұдан соң бірнеше күн ішінде билік 18 мыңға тарта адамды ұстап, қамады. Он мыңдаған мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Елдің қарулы күштері қатарында тазалау шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 тамыз 2016, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.