Атырау, 2 мамыр 10:55
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады

1 555 просмотра

Фото: ReutersРесей билігінің мәліметінше, Сирияның Алеппо қаласын қоршап тұрған әскер қалаға гуманитарлық жүк кіруі үшін күн сайын үш сағаттан ұрыс қимылдарын тоқтатпақ. Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары шенді өкілі Сергей Рудскийдің хабарлауынша, 11 тамыздан бастап "барлық әскери операциялар", оның ішінде әуе шабуылдары мен артиллериядан атқылау жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-нан түскі сағат 13-ке дейін тоқтатылмақ,- деп хабарлады Азаттық.

БҰҰ гуманитарлық миссиясының басшысы Стивен О'Брайеннің айтуына қарағанда, жүкті тиеп, оны қалаға апару және эвакуациялау үшін қақтығыс кем дегенде 48 сағатқа тоқтауы тиіс. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде "Біз бірінші кезекте қажет заттарды сәтті жеткізуге мүмкіндік беретін кез-келген үзілісті құптаймыз. Бірақ оны соғысушы барлық тарап бірдей сақтауы тиіс" делінген.

Бұған дейін БҰҰ Алеппода электр қуатын тарату және су жүйелерін қалпына келтіру үшін ұрысты дереу тоқтатуға шақырған. БҰҰ мәліметінше, қала маңында екі миллионға тарта адам көмекке мұқтаж.

Сергей Рудскийдің мәлімдеуінше, Алеппоның оңтүстік-батыс бөлігіне жасақтар, артиллерия, танктер мен басқа да бронды техникалар жеткізіліп жатыр. Көтерілісшілер жасағының саны жеті мыңға жетеді.

Алеппода Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын күштер мен оппозицияшыл көтерілісшілер арасындағы ұрыс шілденің ортасында басталған.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 тамыз 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.