
Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар WhatsApp мессенджері арқылы жаппай хабарламалар таратып, клиенттерді тартқан. Әлеуетті ойыншыларға онлайн құмар ойындарда бағын сынап көру ұсынылған. Клиент өтініш білдіргеннен кейін оған жеке кабинет ашылып, логин мен құпиясөз берілген және ақша аударуға арналған деректемелер жіберілген.
Қылмыстың ізін жасыру және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін ұйымдастырушылар бөгде адамдарды тартқан. Ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеу 14 «дроппердің» банк карталары арқылы жүзеге асырылған.
Жүздеген миллион теңгенің мүлкі және сот үкімі
Жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құраған қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар жылыстатып, 200 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктер сатып алған.
Тәркіленген мүліктің қатарында:
- LiXiang L6 Max, BYD Destroyer, Chevrolet Monza және SsangYong Rexton автокөліктері;
- екі жер учаскесі бар.
Сот үкімімен қылмыстық схеманы ұйымдастырған екі адам кінәлі деп танылып, әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған барлық мүлік пен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +9