Атырау, 27 қараша 06:44
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Токионы алғаш рет әйел губернатор басқарады

2 678 просмотра

Фото: ReutersЖапонияның бұрынғы қорғаныс министрі Юрико Койке Токио губернаторы болып сайланды. Жапония астанасын алғаш рет әйел адам басқармақ,- деп хабарлады Азаттық.

Тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға қатысқан Койке жексенбідегі дауыс беруде қарсыластарынан кәдімгідей басым түсіп, 2,9 миллионнан астам дауыс жинаған.

Жаңа губернатор сайлауалды бағдарламасында Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге дайындықтағы қаржылық проблемаларды шешетінін айтқан. Мұның алдындағы Токионың екі басшысы дәл осы қаржылық даудан отставкаға кеткен.

«Мен Токиода бұрын болмаған саясат жүргіземін» - деді 64-тегі Юрико Койке жақтастарына.

Юрико Койке премьер-министр Синдзо Абэнің Либерал-демократиялық партиясының мүшесі. Бірақ партия Койкенің кандидатурасын мақұлдамағандықтан ол сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде түскен.

Дереккөз: Аzattyq.org

1 тамыз 2016, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.