Фото: ReutersТүркия билігі АҚШ-та тұратын оппозициялық діни уағыздаушы Фетхуллаһ Гүленді (суретте) қамауға ордер берді. Стамбул соты ол 15 шілдеде төңкеріс жасауға бұйрық берді деген қаулы шығарды - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Гүлен Түркияда билікті ығыстыруға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарады. Ол Түркияда өзі басқаратын ұйымның тек ғана қайырымдылық шараларымен айналысатынан айтады.
Анкара Гүленді қайтаруды талап етеді. Бірақ АҚШ билігіне әлі ресми сұрау салған жоқ.
Бейсенбі күні Түркия президенті Режеп Эрдоған оппозиционермен байланысы бар барлық жекеменшік компаниялар табыстарынан айырылатынын мәлімдеді. Эрдоған Гүленге қатысы бар барлық ұйымдарды «терроризмнің ұясы» деп атады.
Түркияда мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деп он мыңнан аса адамды қамауға алды. 70 мыңнан жоғары мемлекеттік қызметкер, полиция және әскери қызметкерлер жұмыстарынан қуылды. Елде төтенше жағдай орын алған. Адам құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші уақытша жойылды.
Дереккөз: Baq.kz