Атырау, 4 мамыр 12:17
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Америка полицейлері қылмыскерлерді Pokémon Go ойыны арқылы ұстауға көшті

1 692 просмотра

Шынайы элементтермен толықтырылған Pokémon Go ойынының танымалдылығы АҚШ полицейлерінің назарын аударды. Енді олар бұл ойынның көмегімен қылмыскерлерді ұстамақ,- деп хабарлады BNews.kz.

Смитфилдтің полиция департаменті өзінің Facebook парақшасында кездейсоқ азаматтарды арнайы жабдықталған бөлмеде аса сирек покемон Диттоны ұстауға шақырған. Айта кету керек, Дитто покемонын әлі ешкім аулай алмаған, алайда полиция үшін маңыздысы бұл емес, маңыздысы – барлық кездейсоқ азаматтардың тұтқындалуына арнайы рұқсатнамалардың болуы. Смитфилд полиция департаментінің Facebook парақшасының әкімшісі сержант Брайан Миллер ойынды әсерлі ету үшін тұтқындауға тиесілі азаматтардың тізімін жасамақ болғанын айтады.

«Мен қалжыңды жақсы көремін, алайда бұның бұлай боларын білмедім», - дейді Миллер.

Сондай-ақ ол қылмыскерлердің покемонды аулау үшін полиция учаскесіне дейін келетінін күтпегенін айтты.

Айта кету керек, бұл полиция қызметкерлерінің Pokémon Go ойынын өздерінің мақсаттарына алғаш рет пайдалануы емес. Бірнеше апта бұрын Нью-Гемпшир полициясы да дәл осылай жасаған болатын. Ол кезде полиция қызметкері басқа сирек кездесетін покемон – Чаризардты аулауға шақырған еді.

Дереккөз: BNews.kz

1 тамыз 2016, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.