Атырау, 2 маусым 13:38
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

«Ислам мемлекеті» ресейлік содырларды жиһад жасауға шақырды

1 985 рет қаралды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ресейде бірнеше лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін. Топ жетекшілері күні кеше осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Skifnews.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Лаңкестер түсірген 9 минуттық бейнероликте шөл далада дайындық жұмыстарынан өтіп жүрген содыр Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жариялап, дінге бет бұрмаған бүкіл ресейліктерді үйлерінде өлтіретінін айтқан. Ол сондай-ақ, Ресей аумағындағы ДАИШ жақтастарын жиһадқа шығуға шақырды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталған бейнероликті лаңкестер Telegram желісіндегі аккаунты арқылы жариялаған.

Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Қазақстанда тыйым салынған.

Дереккөз: Skifnews.kz

1 тамыз 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.