АҚШ-та 2 тамызда осы елде өндірілетін мұнай бағасы соңғы үш айда 40 доллардан төмендеп, баррелі 39 доллар 51 центке дейін түсті. Трейдерлер америкалық мұнай қоймаларындағы мұнай қоры туралы мәліметтердің шығуын күтеді. Сарапшылардың болжамынша, мұнай сақтау орындары қазір толып тұр,- деп хабарлады Азаттық.
Мұнай бағасы биыл маусымда жеткен ең жоғары бағадан 20 пайызға дейін төмендеп отыр. The Wall Street Journal-дың мәліметінше, сарапшылардың көбі АҚШ-та тақтастан өндірілетін мұнай көлемінің артуы және Ливияның мұнай экспорттауды ұлғайтуы нәтижесінде мұнай баррелінің бағасы 35 долларға дейін арзандайды деп болжайды.
Дереккөз: Аzattyq.org