Көрнекі сурет.Фото: tvzvezda.ruКХДР тамыздың 2-інен 3-іне қараған түні ұшырған баллистикалық ракета мыңдаған шақырым ұшып өтіп, Жапония аумағына құлады, деп хабарлайды BNews.kz.
Ракета Жапонияның экономикалық аймағы саналатын Ога түбегіне жақын маңдағы Акита префектурасына құлаған.
Жапония қорғаныс министрі Гэн Накатани Пхеньяннің бұл әрекеті елге қауіп төндіргенін мәлім етті.
Токио осы оқиғаға байланысты КХДР-ге наразылығын білдірді. Жапония қорғаныс министрі тасталған ракета «Нодон» түріне жататынын мәлімдеді.
Айта кету керек, ракетадан Жапония жағы ешқандай зардап шекпеген, қаза болғандар мен жараланғандар жоқ, деп хабарлайды жергілікті басылымдар. Әзірге кореялықтар бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Дереккөз: