Көрнекі сурет. Фото: newskaz.ruДағыстанның Махачкала қаласында мейрамханада жарылыс болып, кем дегенде 23 адам жараланды. Олардың кейбірінің халі ауыр,- деп хабарлады Азаттық. Дағыстан ішкі істер министрлігі 1 тамызда болған жарылыс мейрамханадағы табиғи газ себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігі 23 адамның аурханаға жатқызылғанын, олардың бесеуі ауыр халде жатқанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жаралылардың кейбірінің денесін түгелдей күйік шалған.
Жарылыс орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жарылыстан соң мейрамхана ғимараты өртенбеген.
Дереккөз: Аzattyq.org