Атырау, 27 қараша 06:50
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Олимпиада алдында Бразилия қауіпсіздікті күшейтуде

1 656 просмотра

Олимпиада-2016 ашылуы алдында Бразилия Құтқарушы Иса мүсіні және Қант басы тауы секілді Рио-де-Жанейроның маңызды туристік орындарындағы қауіпсіздікті күшейтпек, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оңтүстікамерикалық елдегі әділет министрі Алешандри ди Мораештың айтуынша, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету операциясына федералдық күштен 85 мың адам жұмылдырылады, оның 41 мыңы - әскерилер. «Нысаналарға шабуыл қаупі төмен», дейді А.Мораеш.

Министр 5 тамыз күні «Маракана» стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімі алдында да қауіпсіздік шараларын күшейтуді жөн деп санайды. Ол тәртіп күзетуге және терактінің алдын алуға әскерилердің тартылуын федералдық полиция күшінің басқа да маңызды бағыттарда жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін Бразилияда Олимпиада кезінде теракт жасауды жоспарлаған қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталған еді. Билік мәлімдемесіне сәйкес, ұсталғандар «Ислам мемлекеті» террористік тобының мүшесі емес, бірақ сол топпен байланыс жасауға тырысқан.

Дереккөз: Іnform.kz

3 тамыз 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.