Атырау, 27 желтоқсан 07:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

ХОК Олимпиада ойындарына спорттың бес түрін қосуды қолдады

2 298 рет қаралды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың бес түрі - каратэ, серфинг, құзға шығу, скейтбординг пен бейсбол/софтболды қосуды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, спорттың бұл түрлерін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу жоспарланып отыр. Алайда, соңғы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті 3 тамызда айтады.

Айта кетейік, бейсбол 1992-2008 жылдар аралығында, ал софтбол 1996-2008 жылдар аралығында Олимпиада ойындарының бағдарламасында ресми түрде болған екен.

Еске салайық, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz



29 шілде 2016, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.