Атырау, 27 қараша 04:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Путин Қырымды Оңтүстік федералдық округ құрамына қосты

2 028 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин Қырым федералдық округін жойып, оны Оңтүстік федералдық округіне қосу туралы жарлық шығарды деп хабарлайды Азаттық.

Сонымен қатар бүгін президенттің Қырым федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Олег Белавенцев отставкаға жіберіліп, президенттің Солтүстік Кавказ федералдық округіндегі уәкілетті өкілі болып тағайындалған.

Бұдан өзге, бүгін Ресейдің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Зурабов қызметінен босатылған.

Қырым федералдық округі 2014 жылы наурызда Ресей Қырымды Украинадан аннексиялап алған соң құрылған болатын.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 шілде 2016, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.