Атырау, 27 қараша 04:25
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп Ресейді Клинтонның хаттарын табуға шақырды

1 964 просмотра

Фото: ReutersАҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп Ресейді Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы болып тұрғанында қолданған жеке серверіндегі 30 мың электрондық хатты табуға шақырды. Клинтонның сайлауалды штабы дереу Трампты оның бұл мәлімдемесі АҚШ-қа қарсы тыңшылығы мен Мәскеудің елдің ішкі ісіне араласуын мақұлдайды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық.

27 шілдеде Майямиде сөйлеген Трамп "Ресей, егер тыңдап тұрсаң, сен жоғалған хаттарды таба аласың деген үміттемін" деді. Бұдан бұрын АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Демократиялық партияның ішкі электрондық хаттарының көпшілікке жарияланып кетуіне Ресейдің шынымен қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген.

Мәскеу бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарады. Трамп Ресейдің немесе өзге бір елдің АҚШ-тағы сайлау бәсекесіне ықтимал килігуін айыптаудан бірнеше рет бас тартқан. Ол "Егер Ресей, Қытай немесе басқа кез-келген мемлекет ол хаттарды тапқан болса, онда оны көргім келеді" деген.

Демократтар Трампты Ресей президенті Владимир Путинмен жақын байланыс ұстайды деп айыптайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 шілде 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.