Атырау, 27 қараша 04:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркия билігі 100-ден астам БАҚ жұмысын тоқтатпақ

1 709 просмотра

Фото: AFPТүркия билігі жүзден астам жергілікті ақпарат құралы жабылатынын жариялады. CNN Turk-тің хабарлауынша, үш ақпарат агенттігі, 16 телеарна, отыз баспахана мен 40-тан астам басылым жұмысын тоқтатпақ,- деп хабарлады Азаттық.

Бірқатар ақпарат құралын жабу Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң енгізілген төтенше жағдаймен байланысты. Тыйым салынған кейбір ақпарат құралдары АҚШ-та тұратын діни жетекші Фетхулла Гүленмен байланысы бар делінетін Feza медиахолдингі құрамына кіреді. Түркия билігі Гүленді бүлік ті жоспарлады деп айыптайды.

16 шілдеге қараған түні Түркияда әскерилердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, билік оны басып тастаған. Бүліккке қатысы бар, Гүленмен байланысты деген күдікпен бірнеше мың адам ұсталып, ондаған мың адам жұмысынан босатылған. Ресми Анкара АҚШ-тан Гүленді экстрадициялауды сұраған. Гүлен бүлікті айыптап, оған өзінің қатысы барын жоққа шығарады.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 шілде 2016, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.