Атырау, 27 қараша 04:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Клинтон - демократтар атынан АҚШ президенттігіне кандидат

2 260 просмотра

Хиллари Клинтон АҚШ-тағы екі жетекші саяси партияның бірі - Демократиялық партия атынан осы ел президенттігіне алғашқы әйел кандидат атанды,- деп хабарлады Азаттық.

Филадельфияда өтіп жатқан партия съезінде 27 шілде күні кешкісін Клинтонның кандидатурасын қолдап 2 мың 382 делегат дауыс бергені жарияланды. Бұдан соң оның партиядағы басты қарсыласы, Вермонт штатынан сайланған сенатор Берни Сандерс залдағы салтанатты қол шапалақтаудан соң Клинтонды партия атынан президенттікке үміткер деп жариялап жіберді. Бұған дейін Сандерстің кейбір жақтастары партия съезінде Клинтонға қарсылық білдіретінін мәлімдеген еді.

Америкалық Wall Street Journal басылымының тапсырысы бойынша қоғамдық пікірге жасалған соңғы сауалнама бойынша, сұралғандардың 55 пайызы Хиллари Клинтонға теріс көзқарас білдірген. Бұл - Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың негативті рейтингінен тек 5 пайызы төмен.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 шілде 2016, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.