Атырау, 27 қараша 04:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияның экс-премьері: Ресейлік ұшақты құлатуға мен бұйрық бердім

1 829 просмотра

Фото: newsader.comТүркияның бұрынғы премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы мәлімдеме жасады. Ол өткен жылдың қараша айында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік қарулы күштерінің құлатуына бұйрық бергенін айтты,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Бұл туралы Hurriyet Daily News басылымы хабарлайды.

Бұрынғы премьердің айтуынша, бұл бұйрық нақты бір ұшаққа қатысты емес. Бұл жалпы Түркия әуе қорғанысы үшін жасалған нұсқаулықтар. "Біздің елде премьер-министр бас штабқа қару қолдануды жазбаша түрде береді. Мен бұйрықты 10 қазанда бердім", - деді Дәуітоғлы.

Оның айтуынша, бұйрыққа сәйкес, Түркияның қарулы күштері сириялық қана емес, Түркияның кез келген әуе кеңістігінің шекарасын бұзушы ұшақты құлатуға рұқсат. Осыған қарамастан, мұндай шешім ресейлік ұшақтардың бірнеше рет әуе кеңістігінде шекара бұзғандықтан қабылданған.

"Мен мұндай саяси шешімді осындай заңбұзушылық болса бүгін де қабылдар едім", - деп толықтырды Дәуітоғлы.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері өткен жылдың қараша айында Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды. Осы оқиғадан кейін Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы шиеленісе бастады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 шілде 2016, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.