Атырау, 27 қараша 04:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ-тың қырқыншы президентін атқан адам психиатриялық ауруханадан шығады

1 760 просмотра

Вашингтон соты 1981 жылы АҚШ-тың қырқыншы президенті Рональд Рейганға (суретте) шабуыл жасаған кіші Джон Хинклиді психиатриялық клиникадан шығаруды шешті. Сот шешімі бойынша, пациент енді психикалық аурумен ауырмайды және қоршаған ортаға қауіпті емес - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Кіші Хинклиге Рейганның туыстарына жақындауға тыйым салынады, сонымен бірге президент пен конгресс мүшелері жүретін аймақтарға баруға рұқсат етілмейді. 1981 жылы 30 наурызда кіші Хинкли Вашингтонда кәсіподақ федерациясы делегаттарының алдында сөйлеп тұрған Рейганға оқ атқан. Рейган және тағы үш адам ауыр жарақат алған. Қылмыскер актриса Джоди Фостерге әсер қалдыру үшін, оқ атқанын айтқан. Сот Хинклидің ақыл-есі дұрыс емес деп, психиатриялық клиникаға жатқызды. Ол онда 35 жыл өмірін өткізді.


Дереккөз: Baq.kz

28 шілде 2016, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.