Атырау, 27 қараша 04:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ереванда басып алынған полиция штабынан атыс үні естіледі

2 132 просмотра

Еревандағы қарулы топ басып алған полиция штабы жанындағы қарсылық акциясы. Армения, 26 шілде 2016 жыл. Фото: Аzattyq.org Армения полициясының мәліметінше, Ереванда бір апта бұрын қарулы адамдар басып алған полиция штабынан ара-тұра атыс үні естіледі. Армения ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ашот Агаронянның сөзінше, оқ "түрлі бағытта" атылған және ол жақын маңдағы үйлер тұрғындары мен полиция штабына жақын түсірілген күштік құрылымдар қызметкерлеріне қауіп төндіреді,- деп хабарлады Азаттық.

Штаб жанында қарсылық акциясын өткізіп жатқандар полицияның айтқанын жоққа шығарады. Олар өздеріне штаб ғимараты ішіндегі барлық коммуникация құралдары, электр қуаты мен судан ажыратылған қарулы топпен байланысуға рұқсат етілуін талап етеді. Бірақ билік демонстранттардың талабынан бас тартып, акцияны басқа жерде өткізуді сұрайды.

Бұған дейін Армения қауіпсіздік қызметі 17 шілдеде бір полиция офицерін өлтіріп, полиция штабын басып алған қарулы топқа қатысты "анағұрлым қатаң шаралар" жасауға мәжбүр болатынын мәлімдеген. Бір күн бұрын полиция топтың ғимаратты қарауылдап жүрген екі мүшесін атып өлтіріп, екеуін жаралаған.

Полиция штабын басып алған "Құрылтай парламенті" оппозициялық қозғалысының қарулы белсенділері қозғалыстың қамауда отырған жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуды талап етеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 шілде 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.