Атырау, 27 қараша 04:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әзербайжан жоғарғы соты президент өкілеттігін ұзартуды мақұлдады

1 640 просмотра

Әзербайжан жоғарғы соты президент Ильхам Әлиевтің президенттік өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту ұсынысын мақұлдады. Соттың бұл мақұлдауы - ұсынысты ратификациялаудағы алғашқы кезең. Дегенмен, сот шешімінде процесс жалғасы үшін конституцияға өзгеріс енгізіп, референдум өткізу қажеті айтылады,- деп хабарлады Азаттық.

Әлиев Әзербайжанды 2003 жылдан бері басқарып келеді. Оның үшінші президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталады. 2009 жылы өткен референдумда президенттікке екі реттен артық сайланбау туралы ереже жойылған. Әлиев президент қызметінде қайта сайлану арқылы өмір бойына қала беруі мүмкін.

Биліктің әрекетін сынайтындар президенттік өкілеттікті ұзарту бастамасын заңсыз және демократияға қайшы дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

26 шілде 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.