Фото: AFPЖапонияның Канагава перфектурасында қолына пышақ алған ер адам 19 адамды пышақтап өлтірген, 45 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Қанды оқиға Токио түбіндегі "Цукуидегі лалагүлдар бағы" мүгедектер интернатында болған.
"Ер адам Токионың батысындағы Сагамихара қаласында (Канагава перфектурасы) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мекемеге қарулы шабуыл жасалды. Полиция 19 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы 45-і жарақат алған", - деп хабарлады телеарна. Оның мәліметінше, 45 адамның 20-сының жарақаты ауыр.
Шабуылдаған 26 жастағы ер адам кінәсін мойындап үлгеріпті. Ол түнгі 2.30-да шабуылдап жарты сағаттан кейін полицияға өзі келіп беріліпті. Ер адам құқық қорғау органдарына бұған дейін осы интернатта жұмыс істегенін айтқан. Оның бұл іске неліктен барғаны айтылмайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 26 жастағы Сатоси Уэмацу бұл интернаттан жарты жыл бұрын, ақпанда жұмыстан өз қалауымен шығып кетіпті. Ол интернатта үш жыл жұмыс істепті. Қазіргі уақытта оның жұмысы жоқ екен.
Айта кетейік, бұл интернатта 19-75 жас арасындағы 149 адам тұрып жатыпты.
Дереккөз: Tengrinews.kz