Атырау, 27 қараша 04:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ереванда полиция штабын басып алғандар көлік өртеді

2 406 просмотра

Келіссөздегі араағайындық жасап жүрген депутат Виталий Баласанян (сол жақта) және қарулы топ жетекшісі Варужан Аветисян. Ереван, 23 шілде 2016 жыл. Фото: Аzattyq.orgЕреванда полиция штабын басып алған топ полиция көлігін өртеді. Бұл туралы келіссөзде араағайындық жасап жүрген жікшіл Таулы Қарабақ республикасы парламентінің депутаты, отставкадағы генерал Виталий Баласанян хабарлады. Оның сөзінше, соған қарамастан келіссөз жалғасып жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, полиция штабы территориясын басып алған оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының қарулы мүшелері Баласанянның араағайындығынан бас тартқан. Қарулы топ өздерінің атынан 1990 жылдардағы Қарабақ соғысы кезіндегі Сисиан полкінің бұрынғы командирі Ашот Минасян келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.

24 шілде күні кешке басып алынған полиция бөлімі ауданында қарулы топты қолдаған митинг өткен.

24 шілде күні бұдан ертерек Armenpress агенттігінде Баласаняннің жариялаған мәлімдемесінде ол қарулы топты билікке берілуге шақырған. Баласанян топ берілген жағдайда Армения президенті Серж Саргсян "Құрылтай парламентінің" қамауда отырған үйлестірушісі Жирайр Сефилянмен кездесуге дайын екенін айтқан. Қарулы топ қамаудағы Сефилянді босатуды және Саргсяннің отставкаға кетуін талап етеді. Сефилян заңсыз қару иеленіп, сақтады деген айыппен тұтқындалған.

17 шілдеде Ереванда қарулы топ полиция штабын басып алатын кезде бір полиция офицері қаза тауып, төртеуі жараланған. Жеті полиция қызметкері кепілге алынған, кейін келіссөз барысында олардың барлығы босатылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 шілде 2016, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.