Атырау, 27 қараша 04:42
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қырғызстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтуі мүмкін

1 835 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Конституция өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы желіде пайда болған парламент спикері Чыныбай Турсунбеков пен Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының лидері Иса Омуркуловтың қолы қойылған құжаттарға қарап айтуға болады, деп хабарлады КирТАГ.

Құжатта жоғарыда көрсетілген депутаттар аппарат басшысы Абдыманап Кутушевке kenesh.kg ресми сайтында Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу жайлы жариялауды тапсырған.

Парламент құжаттарды мақұлдаған жағдайда референдум ағымдағы жылдың күзінде өтуі мүмкін.

Қырғызстан Конституциясы ел тәуелсіздігі жылдары сегіз рет өзгерді. Алғашқы Конституция 1993 жылы 5 мамырда қабылданды.

Дереккөз: Іnform.kz

28 шілде 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.