Атырау, 27 қараша 02:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияда жарылысқа қатысты 13 адам тұтқындалды

1 481 просмотра

Түркия полициясы Стамбул әуежайында болған терактіге қатысты 13 адам, оның ішінде үш шетелдікті тұтқындады. Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 30 маусымда полиция Стамбулдың 16 жерінде рейд жасаған,- деп хабарлады Азаттық.

28 маусымда Ататүрік әуежайында болған жарылыстардан 42 адам қаза тауып, 230 адам жараланған. Билік терактіні экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы жасады деп санайды.

Түркияның Hurriyet басылымының жазуынша, әуежайға шабуыл жасаған үш жанкештінің бірі Ресейдің Шешенстан респбуликасынан шыққан.

Түркия билігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге комментарий бермеді. Түркия қауіпсіздік қызметі өкілі Reuters агенттігіне шауыл жасағандардың бірі шетелдік болуы мүмкін екенін айтқан.

Түркиялық басқа ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері Сириямен шекарада ИМ-нің күдікті екі содырының көзін жойған.

Anadolu агенттігінің қауіпсіздік қызметіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, әскерилер 25 маусымда екі сириялықтың шекарадан заңсыз өтпек болып, ескерту белгісін елемеген соң атып өлтіргенін хабарлаған. Екі адамның біреуі Түркияда Анкара немесе Адана қаласында жарылыс жасамақ болды деген күдікпен іздеуде жүрген.

Дереккөз: Аzattyq.org

30 маусым 2016, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.