Атырау, 27 қараша 02:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Brexit шешімінен кейін мұнай бағасы құлдырауды жалғастыруда

2 239 просмотра

Фото: AFPДүйсенбі күні мұнайдың әлемдік бағасы арзандауды жалғастыруда, өйткені инвесторлар әлі күнге дейін Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығу (Brexit) мәселесін талқылауды жалғастырып жатыр және оған аталған сауда куәләндыруда,- деп хабарлады Қазақпарат.

Мәскеу уақытымен 06:49 Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайы қоспасының қыркүйек айлық фьючерсі 0,31%, яғни бареллі 48,89 долларға дейін арзандаса, WTI маркалы мұнайдың тамыздық фьючерсі 0,55%, яғни барреллі 47,38 долларға дейін арзандаған деп хабарлайды РИА Новости.

Өткен бейсенбіде Ұлыбританияда ЕО мүшелікке байланысты референдум өткен болатын. Жұмада шыққан ресми ақпараттарға сүйенсек, елдің Еуропалық Одақтан шығуы үшін 51,9% британдық дауыс берген.

Дауыс беру қарсаңында жасалған көптеген әлеуметтік сауалнамалар Brexit-ті қолдамаушылар санының көптігін көрсеткен болатын, сондықтан көптеген қатысушылар Ұлыбританияның ЕО өз мүшелігін сақтап қалатындығына сенімді болды. Сол себепті, дауыс беру қорытындысы көптеген инвесторлар мен сарапшыларға күтпеген жағдай болды. Мұнай бағасы Brexit аясында 6% құлдырады.

«Бәрі Brexit-пен тікелей байланысты. Қазіргі таңда негізгі факторлар екінші орынға жылжытылды, өйткені нарықтар Brexit-тің барлық жағдайға қалай ықпал жасайтынын анықтап жатыр», - деп Мельберн қаласында Блумберг агенттігіне IG Ltd нарықтық стратегі Эван Лукас (Evan Lucas) хабарлады.

Дереккөз: Іnform.kz

27 маусым 2016, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.